Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына биыл 70 жыл толды. Бірегей ғылыми мекеме 1956 жылдан бері Аққайың ауданының Шағалалы ауылында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мұнда жаздық бидайдың бірнеше жаңа сорты шығарылып, аудандастырылды. Бүгінде бұл тұқымдар Солтүстік және Орталық Қазақстанның егіс алқаптарында кеңінен өсірілуде. 

Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы – жай ғана егістік алқабы емес. Бұл – зертханалардан, тәжірибелік танаптардан және Солтүстік Қазақстанның агрономиясына қатысты көпжылдық ғылыми деректер қорынан тұратын ірі ғылыми-зерттеу кешені.

СНХР: ВИТАЛИЙ ЗАЙКА, «СҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ

Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығы бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске енгізуде.Себебі аталмыш станция элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие.

СНХР: ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, «СҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ» ЖШС ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы – ғылым мен жердің тоғысқан мекені. Мұнда жүргізілген әрбір тәжірибе – мол өнімге бастар маңызды қадам.