Аққайың ауданының Шағалалы ауылында мыңнан астам адам тұрады. Мұнда онға жуық этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп келеді. Елді мекенде тұрғындардың өнерін шыңдап, ұлттық мәдениетті дәріптеп, ортақ мерекелерді ұйымдастыратын мәдениет үйі жұмыс істейді.
Мәдениет үйі – ауылдың қоғамдық және мәдени-ағартушылық өмірінің орталығы. Мұнда тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізулеріне барынша жағдай жасалған. Ән шырқалып, әсем әуен әуелейтін бұл шаңырақ жұртшылықты бір арнаға тоғыстырады. «Радуга» ансамблінің мүшелері де атауы секілді жарқын әрі өнерге құштар жандар.
ЛЮБОВЬ САВИНКИНА – «РАДУГА» АНСАМБЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
Мәдениет үйінде кітапхана да жұмыс істейді. Жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар шығармашылық ұжым жаңа дағдыларды машықтандыруға да әрдайым дайын. Мәселен, сүйемелдеуші Арыстан Қарапов бос уақытында гитарада ойнауды үйретеді.
АРЫСТАН ҚАРАПОВ – МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ СҮЙЕМЕЛДЕУШІСІ
Белсенді демалысты ұнататындар да мәдениет үйінен өз қызығушылығына сай мүмкіндік табады. Мұнда тренажер залында жаттығып, үстел теннисін ойнап, би үйірмелеріне қатысуға болады. Қызығушылықтары әртүрлі болғанымен, ауыл тұрғындарын өзара сыйластық, татулық пен бірлік біріктіреді.