Шілденің бірінші жексенбісінде Домбыра күні аталып өтеді. Осыған орай бүгін Жастар ресурстық орталығы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Жиын барысында күйшілер мен әжелер бір сахнада өнер көрсетіп, домбырамен күйлер орындап, ұлттық әндерді шырқады.
Екатерина Восипенок қазақ тілін бала күнінен, мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап меңгерген. Сол уақыттан бері домбыраны да өзіне серік етіп, қасиетті аспапты үйреніп келеді. Домбыра тарту жан дүниеме тыныштық сыйлайды дейді өнерпаз.
ЕКАТЕРИНА ВОСИПЕНОК, ҚАТЫСУШЫ
Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, жастарды домбыра өнеріне баулу және қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеу. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.
АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Іс-шараға қатысушылар өзара еркін әңгімелесіп, бірге шай ішіп, жақсы көңіл-күйде бас қосты.