1 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ресми түрде шомылу маусымы ашылды. Осыған орай, өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды барынша күшейтті.

Құтқарушылар тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп, өзен көлдердің бойындағы демалыс орындарын тексереді. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және белгіленбеген жерлерде шомылу фактілерін анықтайды. Облыс аумағында барлығы 61 ресми шомылу орны белгіленген. Алайда, кейбір тұрғындар қауіпсіздік ережелерін ескермей, демалыс үшін су қоймаларының тыйым салынған учаскелерін таңдауды жалғастыруда. Белгіленбеген жерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тәртіп бұзушыларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл дегеніміз 30 мың теңгеден астам қаражат.

СНХР: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД ТЖ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

СҚО құтқарушылары су айдындарындағы қауіппен күресуге техникалық тұрғыдан сақадай сай. Департаменттің арнайы паркінде 26 су көлігі тіркелген. Тіпті ең күрделі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қауқарлы 7 заманауи катер де кез келген сәтте көмекке аттануға әзір тұр.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД ТЖ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Облыс су айдындарындағы рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Мамандар су бетінде оқыс оқиға бола қалса, бірден «112» нөміріне хабарласуды сұрайды. Себебі дер кезінде жеткен көмек қана адам өміріне араша бола алады.