Жаңа Конституцияда білім, ғылым және инновация мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Басты заң азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған білім беру жүйесін қалыптастыруға негіз болады.
Конституцияда алғаш рет балалардың сапалы білім алуға құқығы нақты бекітілді. Сонымен қатар, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Мемлекет меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшін бірыңғай міндетті білім беру стандарттарын белгілейді. Бұл әрбір баланың тұрғылықты жері мен отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
СНХР: АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ