Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Баланы мектепке 2026 жылдың 31 тамызына дейін қабылдауға болады. Ата-аналардың басым бөлігі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ораларын таңдауда. Солардың бірі – №29 жалпы білім беретін мектеп. Мұнда бос орындар өте аз қалды. 

№29 жалпы білім беретін мектеп Береке шағын ауданында орналасқан. Білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау жалғасып жатыр.

МАХАББАТ ДӘУЛЕТОВА, №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, хореография залы, коворкинг аймақтары, спорт және акт залдары бар. Сондай-ақ қауіпсіздік пен инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінген. Ғимарат толықтай бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

МАХАББАТ ДӘУЛЕТОВА, №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл мектептен екі 11-сынып оқушылары түлеп ұшты.