Жаңа Конституцияның басты жаңалықтарының бірі білім, ғылым және инновация салаларының мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы ретінде нақты бекітілуі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет бұл бағыттар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты діңгегі ретінде танылып отыр. Бұл қадам мемлекеттің жаңа даму үлгісіне бет бұрғанын көрсетеді. Бұл жүйеде азаматтардың білімі, интеллектуалдық және кәсіби әлеуеті, сондай-ақ заманауи инновацияларды жасап, өндіріске енгізу қабілеті ең басты құндылыққа айналады.
СНХР: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі