Петропавлда балалар мен жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері спорттық туризмнің қыр-сырын меңгерді. Табиғат аясында жаттығу барысында олар арқанмен жабдықталған кедергілерден өтіп, туристік құрал-жабдықтарды қолдануды үйренді. Сонымен қатар қатысушыларға жорық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау мен табиғат аясында өзін дұрыс ұстаудың негізгі қағидалары түсіндірілді.

Туризм бөлімі жасөспірімдерді жорыққа жан-жақты дайындайды. Олар туристік құрал-жабдықтарды қолдануды, табиғи кедергілерден өтуді, жер бедерінде бағдарлауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді. Ал алған білімдерін түрлі санаттағы жорықтарда шыңдайды. Бөлімде спорттық және жаяу туризм, өлкетану, сондай-ақ құзға өрмелеу бағыттары жұмыс істейді.

АНАСТАСИЯ ХРУПИНА, МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ ПЕДАГОГІ

Жаттығуда оқушылар туризмнің қыр-сырымен танысып қана қоймай, тәжірибелі нұсқаушылар мен секцияның аға тәрбиеленушілерінің бақылауымен бірнеше кезеңнен өтіп көрді. Мұндай тәжірибе ұл-қыздардың спорттық туризмге деген қызығушылығын арттырып, осы бағытпен айналысуға ынталандырады.

ПОЛИНА ФОМИЧЕНКО, ҚАТЫСУШЫ

Қазір туризм бөлімінде 120-ға жуық бала тұрақты түрде жаттығады. Үйірмеге қатысамын деушілер үшін есік ашық. Сабақтар тегін өткізіледі, ал қажетті туристік құрал-жабдықтардың барлығы орталық тарапынан беріледі.