Ислам мәдениеті музейінде 17 маусымнан бастап «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме өтіп жатыр. Көрме Күлтөбенің сан ғасырлық тарихы, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі және көне Түркістан өңірінің өркениеттік дамудағы орны туралы мәлімет береді. 

Көрмеде Күлтөбе қалажұрты аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, фотосуреттер және тарихи деректер ұсынылған. Экспозициядағы ерекше жәдігерлердің бірі – Күлтөбенің тарихы б.з.д. II ғасырдан басталатынын дәлелдейтін, Хувишка I дәуірінде соғылған Кушан мемлекетінің тиыны. Экспозиция 10 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында келушілер Күлтөбе қалажұртынан табылған бірегей археологиялық жәдігерлермен және тарихи-танымдық материалдармен таныса алады.

ФАРИДА НҰРҒАЛИЕВА, ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ