Халқымыздың жаны мен тарихын бір пернеге сыйғызған қасиетті домбыра ұлықталды. Ұлттық домбыра күніне орай, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында айтулы іс-шара ұйымдастырылды. Өнер мен руханият тоғысқан ортада «Домбыра – ұлттық мұра» атты әдеби ән кеші өтті.
Кеш барысында дәстүрлі әндер шырқалып, күмбірлеген күй көрерменнің рухын асқақтатты. Іс -шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қасиетті қара домбыраның қадір-қасиетін ұғындыру. Әдеби кешке белгілі кемеңгер күйші, обыстың құрметті азаматы Серікбай Құсайынов арнайы шақыртылды.
СНХ: СЕРІКБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, КҮЙШІ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Іс-шараға Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкері - Дина Жапарова да қатысты. Ол бұл салада 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Ал, домбыра тартуды 5 жасынан үйренген.
СНХ: ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Қос ішектің сиқырымен үйлесім тапқан бұл тағылымды іс- шара көптің көңілінен шықты. Өнер кешімен қатар, кітапхана төрінде «Домбыра – ұлт қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.