1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Дауыс беруге азаматтардың жоғары белсенділік танытуы қазақстандықтардың ел болашағын айқындауға жауапкершілікпен қарағанын көрсетті.
Жаңа Конституцияның қабылдануымен елімізде мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды жаңғырту үдерісі басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, құқықтық және экономикалық реформалардың жаңа кезеңін айқындады. Президенттің айтуынша, еліміз ауқымды өзгерістердің табалдырығында тұр. Осы кезеңде әділдік, заң үстемдігі және азаматтық қоғаммен ашық диалог қағидаттарына ерекше мән берілуі тиіс. Бұл пікірді солтүстікқазақстандықтар да қолдайды.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ