Петропавл қаласының сауда нысандарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Bereke Fest» республикалық акциясы өтіп жатыр. Акция халықты қолдауға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін арттыруға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
«Bereke Fest» акциясы аясындағы «Семейный», «Аймер» және «Северный» супермаркеттерінде сатып алушыларға азық-түлік және тұрмыстық тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылған. Акциялық тауарларға 5%-дан 30%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
ЮЛИЯ ПЕТРОВА, СУПЕРМАРКЕТ ӘКІМШІСІ
Жеңілдікпен сатылатын өнімдер арнайы «Bereke Fest» логотипімен белгіленген. Бұл тұтынушыларға тиімді бағамен ұсынылған тауарларды оңай ажыратуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай ұйымдастырылған науқан 7-ші шілдеге дейін жалғасады.