Петропавлда қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін басты себептердің бірі ішімдікке салыну болып қала бермек. Бүгінде облыс орталығында созылмалы маскүнемдікке шалдыққан 1300-ден астам адам полицияның профилактикалық есебінде тұр. Тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдар мен ауыр қылмыстардың алдын алу үшін заңсыз алкоголь айналымымен күресті күшейтті. Спирттік ішімдіктерді сату талаптарын бұзғандар қатаң жауапқа тартылып жатыр.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ең көп кездесетін заң бұзушылық алкогольді 21 жасқа толмағандарға сату және түнгі сағат 23:00-ден кейін саудалау. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 мың 958 литр спирттік өнім тәркіленді. Әсіресе, түнгі уақытта жұмыс істейтін дәмхана-барлар мен дүкендер жіті бақылауда.
Снх: ҚЫМБАТ ҚАСЫМҒОЖИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұл шаралардың барлығы босқа емес. Өйткені шаһарда жасалатын әрбір төртінші қылмыс мас күйде орындалады. Биылдың өзінде ішімдіктің әсерінен 176 қылмыс тіркелген. Ең сорақысы оның 55-і ауыр және аса ауыр санатқа жатады. Мас күйде жүрудің соңы кісі өлтіру, зорлық-зомбылық пен денеге ауыр жарақат салу секілді қайғылы жағдайларға соқтырған.
Снх: ҚЫМБАТ ҚАСЫМҒОЖИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Полиция департаменті тұрғындарды белсенді азаматтық позиция танытып, заң бұзушылықтарды көрген сәтте бірден хабарлауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана қала қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау мүмкін.