Телевизия - тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, ол -қоғамның айнасы, уақыттың шежіресі. Ал осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі көбіне көрерменге байқала бермейді. Олар күн сайын елге маңызды жаңалықтарды жеткізіп, халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпірге айналып келеді. Өмірін телевизияға арнаған жандар үшін бұл мамандық-жай ғана жұмыс емес, үлкен жауапкершілік.

Эфирге шығатын әрбір хабардың артында ұзақ дайындық, шығармашылық ізденіс пен тынымсыз еңбек жатыр. Тілшілер оқиға орнынан жедел ақпарат әзірлесе, операторлар маңызды сәттерді таспаға түсіреді, режиссерлер мен монтаж мамандары дайын өнімді көрерменге сапалы жеткізу үшін аянбай еңбек етеді. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай осы салада тәжірибелі мамандардың бірі, өмірінің қырық жылға жуық уақытын телевизияға арнаған өз ісінің хас шебері, «QYZYLJAR» телеарнасының аға режиссері Ирина Купинаның шығармашылық жолымен таныстыруды жөн көрдік. 

СНХР: ИРИНА КУПИНА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ

МАХАББАТ МЕКЕНБАЕВА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ

НҰРЛАН АХМЕТБАЕВ – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МОНТАЖЕРІ

ЛАУРА ДУВАРОВА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ

СНХР: ИРИНА КУПИНА – «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ