Таза Қазақстан бағдарламасы аясында қалалық және облыстық жастар ресурстық орталығы «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық іс-шараға Ассамблея жастарының белсенділері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 250-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың қатарында экологиялық, танымдық және әлеуметтік бағыттағы жобалар бар. Кезекті акция Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Қатысушылар өзен маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
СНХР: МАДИНА ИСМАИЛОВА – «ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ЖАСТАР САЯСАТЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Таза бейсенбі» акциясына облыстың барлық 13 ауданы қосылды. Жалпы қатысушылар саны 400-ден асты. Олардың қатарында еріктілер, белсенді жастар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар.
СНХР: ТОМИРИС САДВАКАСОВА, ЕРІКТІ
Айта кетейік, өңірде алдағы уақытта «ЭкоБастау» атты ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Жоба аясында облыстың сегіз ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған интерактивті кездесулер ұйымдастырылмақ.