Мемлекет басшысының өңірлерге инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы СҚО-да қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте өңірімізде экономиканың нақты секторна ірі инвестицияларды тарту жұмыстары жалғасуда.
Айталық, өңірдегі маңызды жобалардың бірі Айыртау ауданындағы «Баян» вольфрам кен орнын игеру және оның негізінде заман талабына сай тау-кен байыту комбинатын салу. Мұнда құйылатын инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылмақ. Кәсіпорынның құрылысы мен кейін пайдалану кезеңдерінде 600-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.