Өңірде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатындағы профилактикалық шаралар жалғасуда. Бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп «Судағы қауіпсіздік» акциясын өткізді. Рейд барысында мамандар демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оларды сақтамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы ескертті.
Шомылу маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстағы су айдындарында күн сайын патрульдік жұмыстар жүргізіп келеді. Әсіресе, шомылуға рұқсат етілмеген аумақтарға ерекше назар аударылуда. Себебі мұндай орындарда қайғылы оқиғалар жиі тіркеледі.
АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
Рейд барысында шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу және балалардың ересектердің қарауынсыз су жағасында жүру деректері анықталуда. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Шомылу маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 54 әкімшілік хаттама толтырды.
ДАУЛЕТ АКЫЛБЕКҰЛЫ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ БӨЛІМІНІҢ ПРОКУРОРЫ
Профилактикалық жұмыстар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Мамандар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған ресми жағажайларда ғана демалуға шақырады.Петропавлдағы мұндай орын – Пестрое көліндегі коммуналдық жағажай. Мұнда құтқарушылар тұрақты кезекшілік атқарып, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.