Пестрое көліндегі эко-парк демалушылары құтқарушылардың жіті бақылауында. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нысанды жалға алушы арнайы мамандарды тартқан. Сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері де су қоймасын күн сайын таңғы сағат 9-дан кешкі 9-ға дейін тұрақты түрде патрульдейді.

Елімізде 1 маусымнан бастап шомылу маусымы ашық деп жарияланды. Өңір аумағында жаппай демалуға арналған 61 су айдыны белгіленген. Петропавл қаласында бұл тізімге Пестрое көлі кіреді. Төтенше жағдайлардың алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізу және заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында ТЖД қызметкерлері жүйелі түрде рейдтік іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ