Жол сапасынан бастап балалардың білім алу жағдайына дейінгі, солтүстікқазақстандықтардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселелер кезекті азаматтарды қабылдау барысында көтерілді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, әрбір мәселенің жан-жақты қаралуы тиіс екенін атап өтті. Көтерілген түйткілді мәселелердің бірқатарын өңір басшысы жеке бақылауына алды.
Қабылдаудағы өтініштердің бірі Мамлют ауданынан түсті. Тұрғындар облыстық маңызы бар Бостандық - Новомихайловка автожолын жөндеу мәселесіне назар аударуды сұрады. Сонымен қатар Бостандық ауылындағы ішкі көшелерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және су мұнарасын жөндеу мәселелері де көтерілді. Қызылжар ауданындағы Березовка ауылына қатысты мәселелер де кеңінен талқыланды. Ауыл тұрғындарының басты өтініші Орталық көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу. Олардың айтуынша, екі жылға жоспарланған, ұзындығы шамамен бір жарым шақырым болатын жол учаскесінің қазіргі жағдайы көптеген сын-ескертпелер туғызуда. Ірі қиыршық тас төселгеннен кейін жағдай жақсармай, керісінше жүргізушілер үшін қиындықтар туындаған. Ауыл тұрғындары көліктердің әйнектері жарылып, сырлары кетіп жатқанын айтады. Мұндай жолмен жүру жаяу жүргіншілерге, әсіресе егде жастағы адамдарға да қолайсыздық туғызуда. Қабылдау барысында жол мәселесімен қатар балалардың білім алу жағдайы да сөз болды. Березовка ауылындағы мектепте толыққанды спорт залының жоқтығы мәселесі көтерілді. Бұл бүгін Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың қатысуымен қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселені шешудің алдағы қадамдары айқындалды.
СВЕТЛАНА ВЫЛУБКОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ, БЕРЁЗОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ,
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер тиісті қарауға жіберілді. Облыс әкімі тұрғындарды толғандырған мәселелер жедел шешілуі тиіс екенін атап өтіп, көтерілген сұрақтарды жеке бақылауына алды.