Солтүстік Қазақстанда жүргізушілерге арналған мемлекеттік қызметтер бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Енді жүргізуші куәлігі, техникалық паспорт пен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін арнайы ХҚКО-ға қайта бармай-ақ, үйге жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік бар.
Бұл қызмет «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Құжат дайын болғаннан кейін пайдаланушы жеткізу мекенжайын көрсетіп, бірнеше минут ішінде тапсырыс рәсімдей алады. Өтінім сағат 17:00-ге дейін қабылданса, жеткізу сол күні, ал одан кейін берілсе, келесі жұмыс күні орындалады.Жаңа сервис азаматтардың уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуды барынша жеңілдетуге бағытталған. Сонымен қатар, қосымша арқылы тапсырыстың орындалу барысын онлайн бақылауға да мүмкіндік қарастырылған.