Петропавлда мұғалімдер арасында «Ұстаз» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Спорттық додаға өңірдің түкпір-түкпірінен және Петропавл қаласынан кіл жүйріктер жиналды. Жалпы саны 14 құрама команда бақ сынайды. 

Жыл сайын ұйымдастырылатын жарысқа өңірдің білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, түрлі спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиаданың басты мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, әріптестік байланысты нығайту.

СНХ: ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ - БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖАППАЙ- ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ

Дәстүрлі додаға биыл білім беру саласының 230-ден астам қызметкері жиналды. Олар 5 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Қатысушылар арасында спартакиадаға жыл сайын үзбей қатысып жүрген ұстаздар да аз емес. 

СНХ: ЗАҢҒАР ХАДАРИЯ, №2 ЛЕНИНГРАД ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ, АҚЖАР АУДАНЫ

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ал үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар облыс намысын республикалық деңгейдегі спартакиадада қорғайтын болады.