26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Осыған орай облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қаланың орталық алаңында бұқаралық жүгіру жарысын ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандыру. Ашық форматта өткен жарысқа 350-ге жуық адам қатысты. Қатысу үшін алдын ала тіркелу талап етілмеген. Қаланың орталық алаңынан басталған жүгіру жарысына боксшылар, футболшылар, жеңіл атлеттер және спорт сүйер қауым қатысты.
СНХР: РҮСТЕМ ІЛИЯСОВ - СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Жүгіру жарысына кәсіби спортшылармен қатар спорт сүйер қауым да белсенді қатысты. Олардың айтуынша, мұндай шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейді. Сонымен қатар қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар да ойнатылды.
СНХР: ОЛЬГА БЫЧЕНКО ҚАТЫСУШЫ
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараның жыл сайын өткізілетінін айтып, оның алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.