Қаламыздың қақ ортасы, тұрғындар мен қонақтардың сүйікті орнына айналған Конституция көшесі түсірілім алаңына айналды! «Тәуелсіздік» стелласының жанында отандық кинематографияның су жаңа туындысы - «Ботай. Ғайып ғалам» көркем фильмінің сахналары таспаланып жатыр.

Көше бойымен серуендеп жүрген қала тұрғындары тарих пен заманауи кино өнерінің тоғысқан сәтіне куә болуда. Түсірілім тобының қарбаласы, жарықтар, камералар мен актерлердің ойыны Конституция көшесіне ерекше бір сиқырлы реңк бергендей. Петропавлдағы сахналар таспаланғаннан кейін, шығармашылық топ тарихтың нағыз қайнар көзі - Айыртау ауданындағы ежелгі Ботай қонысына қарай жол тартпақ.

СНХ: ЛЕЙЛА СЫЗДЫҚОВА, КАСТИНГ ДИРЕКТОРЫ