Солтүстік Қазақстан облысында жазғы демалыс кезеңі полицияның бақылауында. Тәртіп сақшылары балалар сауықтыру лагерінде тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сондай-ақ полицейлер демалушыларға құқық бұзыушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық шаралар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары лагерлерлерді тексеріп, демалушылармен әңгімелесіп, олардың қауіпсіздігін қадағалауда. Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Берёзка» балалар сауықтыру лагеріне Лебяжі ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі балалардың қауіпсіздігі тәулік бойы қамтамасыз етіліп отырғанына көз жеткізу үшін тұрақты түрде барып тұрады.

СНХР: Айбек Сарсенбаев — учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

Лагерь аумағы толық бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Бейнекамералардан түсетін көрініс директордың кабинетінде орналасқан мониторға шығарылған. Күзеттен бөлек, мұнда ювеналдық полиция қызметкері де тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол балалардың жанында болып, бөгде адамдардың келмеуін қадағалайды. Күн сайын тынығу уақытынан кейін түрлі тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

СНХР: Аңсар Мұстафин — кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы

Балалардың өздері де полиция қызметкерлерінің лагерьдегі жұмысына оң бағасын береді. Тоғыз жастағы Дильнара қатарынан екінші жыл құрбыларымен және тәлімгерлерімен бірге жазғы демалысын осында қуана өткізуде.

СНХР: Дильнара Сарсенбаева — лагерьде демалушы 

Жазғы демалыс кезеңі бойы сауықтыру лагерлеріндегі балалардың қауіпсіздігі полицияның ерекше бақылауында болады. Тәртіп сақшылары тексерулер жүргізіп, профилактикалық жұмыстарды жалғастырып, балалардың демалысы тыныш әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуде..