Бүгін – 2026 жылдың 26 маусымы. Осы әдемі датаға орай Солтүстік Қазақстан облысында неке қиюға ниет білдіргендер саны күрт артты. Бір күннің өзінде өңір бойынша 120 жұп заңды некесін тіркеп жатыр. Оның 90-ы Петропавл қаласына тиесілі. Жас жұбайлардың бір бөлігі салтанатты рәсімді таңдаса, енді бірі некесін қарапайым тәртіппен рәсімдеуде.
Мамандардың айтуынша, ерекше күндерге сұраныс жыл сайын көбейіп келеді. Мысалы, былтырғы жылдың 25 мамыр күні де некесін қидыратындардың саны көп болған. Ал бүгін 11 жұп некесін салтанатты жағдайда қидырса, қалғандары Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелуде. Осыған байланысты облыстағы барлық тіркеу бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
СНХР: АНАРА ҚҰСАНОВА – «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ
Сол жұптардың қатарында Артем мен Кристина Каргополовтар да бар. Олар бастапқыда үйлену күнін тамыз айына жоспарлаған. Алайда кейін аяқ астынан шешімдерін өзгертіп, дәл бүгінгі күнді таңдаған. Ерекше датаның танымал екенін білгендіктен, өтінішті ертерек жолдапты.
СНХР: КРИСТИНА ЖӘНЕ АРТЕМ КАРГОПОЛОВТАР – ЖАС ЖҰБАЙЛАР
Мамандардың айтуынша, әдемі даталарға қызығушылық жоғары болғанымен, неке қиюға өтінішті алдын ала берген жөн. Өйткені мұндай күндері бос уақыт санаулы минуттың ішінде толып қалады.