Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – әлі де өзекті әлеуметтік мәселе. Жыл басынан бері Петропавлда 600-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 14 қылмыстық іс тіркелген. Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызмет мамандары жаңа жағдайлардың алдын алу және зардап шеккендерге көмек көрсету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
Петропавл қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Учаскелік инспекторлар есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша жүйелі тексеріп, пәтерлерді аралайды және өз аумақтарындағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Негізгі мақсат – қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ауыр қылмыстарға жол бермеу.
МАРАТ МУСИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Отбасына қолдау көрсету орталығы зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Облыс орталығында шамамен бір жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан бұл орталыққа полиция қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар туралы ақпаратты арнайы жүйе арқылы жолдайды. Ерекше назар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына аударылады. Қолдау алу үшін жұмыс күндері орталыққа тікелей жүгінуге, сондай-ақ 35-00-15 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады.
МҰРАТ ҚУАНДЫҚОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жеке бағыттардың бірі – ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды тәрбиелеуден жалтарып, алкогольді асыра пайдаланып, кәмелетке толмағандарға қолайсыз жағдай қалыптастыратын отбасылармен жұмыс. Жыл басынан бері мұндай шамамен екі жүз азамат жауапкершілікке тартылған. Жалпы, басты мәселелердің бірі – зардап шеккендерді отбасындағы жанжалқойлардан оқшаулауға мүмкіндік жеткіліксіздігі болып отыр.
ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Қақтығыстардың негізгі себептері ретінде мамандар алкогольді асыра пайдалану, қызғаныш, ерлі-зайыптылардың опасыздығы және материалдық қиындықтарды атайды. Полицейлер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.