Петропавл қаласында Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі басталды. Салтанатты ашылу рәсімі Үстел теннисі орталығында өтті. Биылғы іріктеу кезеңіне еліміздің әр өңірінен келген бес команда қатысуда. Іс-шараның салтанатты ашылуына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы, спорт ардагерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жарысқа қатысушылар мен қонақтар қатысты.  

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және еліміздің әр өңіріндегі мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту. 

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар үздік спортшыларды анықтаумен қатар, командалық бірлікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби ынтымақтастықты дамытуға зор ықпал етеді.

САЯН МЕЙРАМОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жарыс тартысты өткенімен, қатысушылар үшін басты мақсат – жеңіс қана емес. Олар мұндай дода әріптестермен жүздесуге, тәжірибе бөлісуге және өзара ынтымақтастықты нығайтуға жақсы мүмкіндік екенін айтады. Дегенмен, әр команда жеңіске деген жігерін жоғалтпай, жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық спартакиаданың финалдық кезеңіне жолдама алу үшін барын салмақ.

ЕРНҰР БЕКТҰРҒАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТАРИФТІК РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Жарыс қорытындысы бойынша спорттың бес түрінен үздік шыққан командалар анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және грамоталар табысталады. Іріктеу кезеңінде үздік өнер көрсеткен командалар республикалық спартакиаданың финалдық кезеңіне жолдама алып, өз өңірлерінің намысын қорғайды.