Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын негізгі органдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап комитеттің аумақтық департаменттері жаңадан пайдалануға берілетін нысандардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі жөніндегі декларацияларды келісу жұмысын жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалайды. Мамандар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын тексеріп, белгіленген стандарттар мен талаптардың орындалуына бақылау жүргізеді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бұл жұмыстарды мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық департамент қызметкерлері жүзеге асырады.
СНХР: ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1-қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар арнайы лицензия алуға міндетті. Бүгінде СҚО бойынша осындай қызмет түрін жүзеге асыратын 27 ұйым тиісті лицензия алған. Бұл шара қызмет көрсету сапасын біріздендіруге және әлеуметтік қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
СНХР: ГАУХАР ҒАБДУЛЛИНА – СҚО БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мамандардың айтуынша, бақылау және лицензиялау тетіктері әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жүйе қызмет алушылардың құқықтарын қорғап, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімді әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.