Петропавлда жануарларды зарарсыздандыру акциясы жалғасуда. Жоба халықаралық қорлардың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бастама қаңғыбас жануарлар санын азайтып, олардың бақылаусыз көбеюінің алдын алуға мүмкіндік береді.  

Қазір мұнда иелері бар иттер де, жануарлар үйіндегі қаңғыбас иттерге де зарарсыздандыру оталары жүргізіліп жатыр. Осы акцияның арқасында бақылаусыз көбейетін жануарлар саны азайып, бұл мәселені белгілі бір деңгейде бақылауға мүмкіндік туып отыр. Акция аясында бүгінге дейін 400-ге жуық мысық зарарсыздандырылған. Енді мамандар иттерге ота жасауға кірісті. 

СНХР: АНДРЕЙ ИСАКОВ, ЖАНУАРЛАР ПАНАЖАЙЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жоба аясында жануарларға аз инвазивті әдіспен ота жасалады. Бұрын жануарлар операциядан кейін 2-3 күн стационарда болатын. Қазір бірнеше сағаттан кейін-ақ иелеріне беріледі. Бұл әдіс әрі арзан, әрі жануар үшін жеңіл өтеді. Мамандардың айтуынша, осындай тәжірибе ветеринариялық қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 

СНХР: МАРИНА ЗЫРЯНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ИНСПЕКТОР, ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУШЫ

Ит мысықтарды зарарсыздандыру науқаны бес күннен бері жүргізіліп жатыр және тағы бірнеше күн жалғасады. Ұйымдастырушылар бұл бастама қаңғыбас жануарлар мәселесін шешуге елеулі үлес қосады деп есептейді.