Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. 

Бірінші Петропавл қаласы, Тайынша және Есіл аудандарындағы жер ресурстарын басқару мәселесі талқыланды. Облыс әкімі бұл саланың инвестиция мен бизнеске тікелей әсерін атап өтіп, келесі міндеттерді жүктеді. Ішкі бақылауды күшейту және жемқорлық тәуекелдерін бағалауда формализмге жол бермеу, нақты атқарылмаған жұмыстардың актілеріне қол қоюға қатаң тыйым салу, Электрондық аукциондарды толық көлемде ұйымдастыру және бос жерлерді анықтау, Қала құрылысы құжаттамасын цифрландыруды аяқтау, Сот тәжірибесі мен заңбұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерге талдау сапасын арттыру. Екінші блокта әлеуметтік және криминогендік мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді, есепке алу мен мал ұстау бақылауын күшейту, ет өнімдерінің айналымын қадағалау. Нашақорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарды есірткі бизнесіне тартудың жолын кесу және жастарды демалыста жұмыспен қамту. Алкогольдік мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отырыс соңында әлеуметтік тәуекелдерді ерте анықтайтын цифрлық құралдарды енгізу және қоғамдық қауіпсіздіктің негізі ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі іске асыру тапсырылды.