Алкогольге тәуелділік - маңызды мәселелердің бірі. Мамандардың айтуынша, ішімдік тұтыну мәдениетінің болмауы кері салдарға әкеледі. Алкогольді ішімдіктер – тағамның дәмін толықтыратын өнім, ол психикаға теріс әсер ететін факторға айналмауы тиіс.

Алкоголь денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына кері әсер етеді. Тіпті аз мөлшердегі ішімдіктің өзі бірнеше мың нейронның жойылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ол ДНҚ-ның генетикалық құрылымына өзгеріс енгізетіні айтылуда. Әсіресе спирттік ішімдіктер толық қалыптаспаған балалар организміне өте зиянды әсер етеді.

ГАЛИНА АНДРЕЕВА, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕРІ