Еліміздің барлық өңірінен келген екі жүзге жуық спортшы триатлон және дуатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынасу үшін Петропавлға жиналды. Сайыс Пестрое көлінің аумағында және жаңа ЭКО-саябақта өтті. Қатысушылар бірнеше жас санаты бойынша жарысқа түсіп, үздіктерді анықтады. Солтүстік Қазақстан облысы үшін мұндай деңгейдегі жарысты өткізу - спорттың бұл түрін дамытудағы маңызды оқиғаға айналды. 

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі спортшылардың, бапкерлер мен құрметті қонақтардың басын қосты. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауда республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларды Қазақстандық триатлон федерациясының өкілдері мен өңірдің спорт ардагерлері құттықтады.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Триатлон үш спорт түрін, атап айтқанда - жүзу, жүгіру және велоспорт бағыттарын біріктірді. Спорттың бұл түрі елеулі дайындықты, тәртіпті және қашықтықта күшті дұрыс бөле білуді талап етеді. Өңірімізде триатлон енді ғана дамып жатқанымен, жыл өткен сайын оған деген қызығушылық артып келеді.

СНХР: ЮРИЙ ГРИНЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жарыстың алғашқы күні спортшылар дуатлон дисциплинасы бойынша үздіктерді анықтады. Қатысушыларға жүгіру және велосипед кезеңдерінен өту қажет болды. Қыздар арасындағы жарыста Полина СтЕпченко үздіктердің бірі атанды. Спортшы триатлонмен бес жылдан бері айналысып келеді және бүгін өзінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

СНХР: ПОЛИНА СТЕПЧЕНКО, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Триатлон мен дуатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты бірнеше күнге созылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық біріншілікті өткізу бұқаралық спортты дамытуға қосымша серпін беріп, жастарды белсенді өмір салтына тартады және Солтүстік Қазақстан облысында триатлонның позициясын нығайтуға көмектеседі.