Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылында 150-ден астам отбасы гүл өсіруді табыс көзіне айналдырып отыр. Бағбандар 50-ге жуық өсімдік түрін егеді. Кей кәсіпкерлер бір маусымда 1 млн данадан астам гүл өсіріп, өңірдің ғана емес, еліміздің басқа аймақтарының да сұранысын қамтамасыз етіп отыр. 

Гүлдерді де жас сәбиді күткен сынды баптау керек. Сондықтан Индира мен Рустам күндіз-түні тыным таппайды. Ерлі-зайыпты 7 жыл бұрын кәсіппен айналысу үшін қаладан ауылға қоныс аударған. Гүл өсіру - жақсы табыс әкелген соң, шағын дүкен мен дәмхана ашыпты. 

СНХ: ИНДИРА ТОҚПАНОВА, КӘСІПКЕР

Өсірілетін гүлдердің басым бөлігі – осы петуния. Өйткені оған сұраныс жоғары. Бастапқыда көп күтімді қажет етеді, ал гүлдеген соң, жайқала түседі. 

СНХ: ДИНАРА ИНАЗАРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Тұрғындардың айтуынша гүл өсіру – басқа кәсіп сынды бастапқыда көп қаржы салуды талап етпейді. Есесіне, білім мен табандылық қажет. 

Ауылда осы кәсіпті нәсіп еткендер қатары көбейіп келеді. Тұрғындар арасында бәсеке жоқ, керісінше, бір-бірімен тәжірибе бөліседі. Мәрия Әлмет үш жыл бұрын Қытайдан қоныс аударған. Былтыр алғаш рет гүл егіп, нәтиже көргенін айтады. 

СНХ: МӘРИЯ ӘЛМЕТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

СНХ: АМАНБЕК МАХМЕТОВ, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Имантау – көркем табиғатымен ерекшеленеді. Елді мекенде 900-ге тарта шаңырақ түтін түтетіп отыр. Қарапайым ауыл тұрғындары маңдай терімен баптаған гүлдер Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қалаларға әсемдік сыйлады.