Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылжар ауданындағы бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Үкімет басшысы жергілікті агроқұрылым өкілдерімен кездесіп, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары одан әрі артатынын жеткізді. Сондай-ақ сапар аясында Премьер министрге заманауи агродрондардың тиімділігі мен жергілікті сүт зауытының әлеуеті көрсетілді.
Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылжар ауданына барды. Мұнда Үкімет басшысы "Alar Farm" серіктестігінің жаңа жобасымен танысты. Кәсіпорын басшылығы Подгорное ауылында жоңышқа шөбін өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Олар дайын тауарды Қытай, Орталық Азия әрі Парсы шығанағы елдеріне экспорттауды көздеп отыр.
Кейін Олжас Бектенов теріскейлік агроқұрылым өкілдерімен тілдесті. Ғ.Мүсірепов ауданындағы "Ақселеу" серіктестігінің директоры Серік Малаев елімізде агроөнеркәсіптің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Үкімет басшысына көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.
СНХР: СЕРІК МАЛАЕВ, "Ақселеу" ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы
Өз кезегінде Олжас Бектенов үкімет ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдауды одан әрі арттыратынын жеткізді.
СНХР: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР Премьер-Министрі
Бұдан соң Үкімет басшысы ауыл шаруашылығында қолданылатын жаңа технологиялармен танысты. Олардың бірі - агродрон. Заман игілігі арқылы өңірде 2024 жылы 94 мың, ал былтыр 420 мың гектар егіс алқабына тыңайтқыш себілді.
СНХР: НҰРЛАН ТАНКИНОВ, "SKYWORKER" ЖШС директоры:
Бұдан бөлек Үкімет басшысы "Eurasia milk" серіктестігінің сүт зауытына барды. Кәсіпорын тәулігіне 250 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Серіктестік сүттен дайындалатын бірнеше өнім түрін өндіреді.
СНХР: АНДРЕЙ ГРИЦЕНКО, "Eurasia milk" ЖШС бас директоры:
Кездесу соңында Үкімет басшысы теріскейлік еңбеккерлерге алғысын білдіріп, олардың атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.