Петропавлдың «QYZYLJAR» арнайы экономикалық аймағында ірі өндіріс орындары жұмыс істеп тұр, тағы бірнеше жоба аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорындар жұмыс орындарын ашып, Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптің жаңа бағыттарын қалыптастыруда. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс істеп тұрған және алдағы уақытта іске қосылатын зауыттардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Саңырауқұлақ фермасына салынған инвестицияның жалпы көлемі 11 млрд теңгеден асады. Жобаның өндірістік қуаты жылына 2 мың тоннадан астам дайын саңырауқұлақ өнімі мен 4 мың тонна компост өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Олжас Бектенов ағашты терең өңдейтін зауытта болды. Мұнда жыл сайын 60 мың текше метр дайын өнім өндіріледі. Алдағы уақытта өндірістік қуатты арттыру жоспарланып отыр.

АЙВАЗ БАҚЫРОВ, «NORD PANELS» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Ал күзде мұнда кондитерлік өнімдер шығаратын зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Инвестор ресейлік компания, инвестиция көлемі 37 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

МАРИНА БАЯНДИНА, «БЕЙКЕРТОН» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Петропавлда құрылысы жүріп жатқан тағы бір нысан машина жасау зауыты. Жүк көтеру-көлік жабдықтарын шығаратын кәсіпорынды жыл соңына қарай іске қосу жоспарланған. Жобаның құны 4 млрд теңге.

ИЛЬЯС БҮКЕНОВ, «KAZCRANE ENGINEERING» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға қолданыстағы және әлеуетті инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды.