Өңірге жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады.
Биыл агроөнеркәсіп кешені алдында ауқымды міндеттер тұр. Негізгі мақсат - ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Жоспарға сәйкес, жыл қорытындысында саланың өсімі 5,9 пайызға жетуі тиіс. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 10,5 пайызға арттыру көзделген. Жиында ҚР Премьер – министрі Олжас Бектенов «Ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының басым бағыты» екенін атап өтті.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІ
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс науқанының толық аяқталғанын мәлімдеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 миллион гектар жерге орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасып, жоғары табыс әкелетін және әлеуметтік маңызы бар дақылдардың көлемі ұлғайтылғандығын атап көрсетті министр.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ
Мал шаруашылығына тоқталсақ, төрт айдың қорытындысы бойынша ет өндірісі 338 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артты. Еске сала кетсек, Қазақстан ресми түрде Орталық және Шығыс Азияда аусылдан жалғыз таза ел мәртебесіне ие болды.Б ұл мәртебе отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Ал, өңірімізде жыл басынан бері 22,2 мың тонна ет, 100,8 мың тонна сүт және 201,6 млн дана жұмыртқа өндірілген. Айта кетейік, жақында «Игілік» және «Береке» бағдарламалары іске қосылған болатын.
СНХ: БАҒЛАН АЙМЫРЗАЕВ, ҚР АШМ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сондай-ақ, облыста егіс құрылымын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл дәнді дақылдар алқабы 100 мың гектарға қысқартылып, жалпы көлемі 2,9 миллион гектарды құрады. Ал майлы дақылдар егістігі соңғы екі жыл қатарынан 1 миллион гектар деңгейінде сақталып отыр. Сонымен қатар, азықтық дақылдар 405 мың гектар алқапқа орналастырылды. Бұл туралы республикалық кеңесте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңірдегі «Дайындық – агро» серіктестігі егін және мал шаруашылығын қатар дамытып келеді. Серіктестік директоры Олжас Шәймерденов мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаруашылықтың дамуына серпін беріп отырғанын айтты.
СНХ: ОЛЖАС ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Жалпы, өңірде төрт айда ауыл шаруашылығы саласына 61,5 млрд теңгне инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 200 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Барлық қабылданған шаралар нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлеміндегі көрсеткіш 107 пайыздан асады деп күтілуде. Премьер-министр Олжас Бектенов ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамыту ісіне белсенді түрде араласып, осы саланың өркендеуіне нақты үлес қосу қажеттігін айтты.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Жиын қорытындысында Премьер-министр Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіптік кешенді жоғары технологиялы экспорттық салаға айналдыру жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар елдің ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге және оның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.