С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Есләм Зікібаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған “Өлеңмен өрілген ғұмыр” атты поэзия және еске алу кеші өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын, жазушылар, еңбек ардагерлері, ақынның туған-туысқандары мен студенттер қатысты.
Есіл ауданының Өрек ауылында дүниеге келген ақын, журналист әрі публицист Есләм Зікібаевтың өмірі мен шығармашылығы кештің негізгі арқауына айналды. Кеш барысында «Замандастармен сыр» кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ ақынның замандастары естеліктерімен бөлісіп, Есләм Зікібаевтың қазақ журналистикасы мен поэзиясында қалдырған еңбегі мен адамгершілік қасиеттері жайында сөз қозғады.
СНХР: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ , ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ,
Кітап көрмесінде ақынның шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның жары Рауза Бәкіржанқызы бейнежолдау арқылы естеліктерімен бөліссе, туған қарындасы Есләм Зікібаевтың балалық шағы мен өмір жолы жайында әңгімелеп берді
СНХР: СӘНИЯ ЗІКІБАЕВА , ТУҒАН ҚАРЫНДАСЫ
Ұрпақтар сабақтастығы көрініс тапқан бұл кештің соңы ғылыми-танымдық бағытқа ұласты. Қозыбаев университетінің оқытушылары мен студенттері ақынның әдеби мұрасын тереңінен зерттеп, арнайы дайындаған баяндамаларын оқыды