Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қызмет көрсету саласы колледжінде экологиялық кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге Арал теңізінің қазіргі ахуалы туралы арнайы деректі фильм көрсетілді. Туынды арқылы жастар экологиялық апаттың зардаптарын терең ұғынып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінді. Танымдық жиынға 30-ға жуық студент қатысты. 

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Жиын барысында Аралдың бүгінгі жай-күйі баяндалатын арнайы фильм көрсетіліп...

СНХР: ДАМИР АБДИН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Сондай-ақ, залға жиылғындар назарына Арал теңізі туралы мәліметтер қамтылған слайдтар ұсынылып, эколог мамандар арнайы әзірлеген баяндамаларын ортаға салды. Бұған қоса, жастардың қызығушылығын арттырып, білімдерін бекіту мақсатында танымдық викторина ұйымдастырылды.

СНХР: ВИОЛЕТТА ПАНЧАЙКИНА, СТУДЕНТ

Бүгінде Арал теңізінің тартылуы тек бір өңірдің ғана емес, жаһандық деңгейдегі күрделі мәселеге айналып отыр. Сондықтан экологиялық апаттың зардаптарымен күресу және су деңгейін қалпына келтіру жолында елімізде озық технологиялар мен тың әдістерді қолдану жоғары маңызға ие.

СНХР: ӘДІЛ ЖҰМАБЕКОВ, 3-КУРС СТУДЕНТІ, KOZYBAYEV UNIVERSITY

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыратын осындай танымдық кездесулер тұрақты түрде жалғасын таппақ.