Өткен күннің өнегелі тарихын ауыл мұражайы көздің қарашығындай сақтап отыр. Қызылжар ауданына қарасты Красноярка ауылында бірегей жәдігерлер жинақталған. Олардың қатарында көне тұрмыстық заттар, соғыс ардагерлерінің жеке бұйымдары, тарихи құжаттар мен басқа да құнды дүниелер бар.

Іргетасы 1759 жылы қаланған Красноярка ауылы алғашқыда «Красноярская слобода» деп аталған. Мұндағы XIX ғасырға тән тұрмыстық заттар өткен ғасырлардағы жергілікті халықтың тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. Мұражай қорынан Азамат соғысы кезіндегі семсерді, қазақтың дәстүрлі киелі бесігін, кір жууға пайдаланылған ағаш рубельді және тағы басқа жәдігерлерді көруге болады. Музей өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғап тұрған алтын көпір.

Снх: ОЛЬГА МИХАЙЛОВА, КРАСНОЯРКА АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ