Петропавл қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, жастар арасында есірткі таралуының алдын алу шаралары мен алдағы жоспарларды талқылады. Әсіресе, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды күшейту және белсенді азаматтарды антинаркотикалық жұмысқа тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бір жылдан сәл астам уақыт бұрын құрылған. Бүгінде оның құрамында 27 азаматтық қоғам өкілі және 3 полиция қызметкері бар. Осы уақыт ішінде кеңес мүшелері жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған 50-ден астам профилактикалық акция мен ақпараттық іс-шара өткізген. Кезекті отырыс барысында кеңес қатарына жаңа белсенділер қосылып, салауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ниет білдірді.
СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Евгений Заянц үшін бұл шешім – маңызды қадам. Бұрын есірткіге тәуелділікті жеңіп шыққан ол бүгінде НАДЕЖДА NORD» қорының құрылтайшысы әрі үйлестірушісі. Енді ол есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске қосылғандардың қатарында.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ЗАЯНЦ, «НАДЕЖДА NORD» ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ
Жалпы жыл басынан бері облыстық полиция департаменті 111 есірткі құқықбұзушылығын анықтаған. Заңсыз айналымнан 12 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 7 келі 600 грамм синтетикалық заттар бар. Сонымен қатар облыс аумағында 400-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Кеңес мүшелерінің қатысуымен 50-ден астам акция ұйымдастырылған.