Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді. Осыған байланысты Петропавлда «Ерекше Балалардың Ата-аналар Одағы» филиалы құрылған болатын. Ұйым ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетіп, ата-аналарды біріктіруді мақсат етеді. Сонымен қатар, балалардың қоғамға бейімделіп, жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар күн сайын түрлі қиындықпен бетпе-бет келеді. Ақпараттың аздығы, мамандар көмегінің жетіспеуі және қоғамдағы түсінбеушілік - өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты ұйымның басты мақсаты - әр баланың сапалы өмірге, білім мен дамуға толық құқығы бар екенін насихаттау. Сонымен қатар, ата-аналарға қолдау көрсетіп, олардың жалғыз емес екенін сезіндіру.

АНАСТАСИЯ ГРИГОРЬЕВА, ЯКОВЛЕВА, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы » РҚБ СҚО ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ

Одақ мүшелеріне медициналық қызметтерге жеңілдіктер, психолог пен заңгердің тегін кеңестері, сауықтыру шаралары және электронды құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар бірлестік тұрақты түрде спорттық бағдарламалар ұйымдастырып, отбасылардың мәдени шараларға қатысуына мүмкіндік жасап келеді. Соның бірі - Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өткен концерт болды.

Концертке ерекше балалар мен олардың ата-аналарына билеттер тегін ұсынылды.

КРЕСТИНА ПОЛЯКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

17 мамырдан бастап одақ ашық ауада апта сайынғы спорттық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсаты - балалардың дене белсенділігін арттыру, денсаулығын нығайту, қозғалысқа дағдыландыру және бірлескен пайдалы демалыс мәдениетін қалыптастыру.