Халықаралық отбасы күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында Отбасылық ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті. Игі іс-шараға Петропавл қаласының мектеп оқушылары, ата-аналар мен педагогтер қатысып, отбасылық құндылықтар мен табиғатты қорғау мәдениетін насихаттады.
Көктемнің құбылмалы мінезіне қарамастан, бүгінгі экологиялық акция өз жалғасын тапты. 100-ден астам қатысушы саябаққа көшет отырғызып, туған жердің жасыл желегін көбейтуге үлес қосты.
СНХ: ДИАННА ҚАЗБЕКОВА, «СҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығын берік ұстанған Нүрпейісовтер отбасы бүгінгі экологиялық акцияға алғаш рет қатысып отыр. Бұл жанұя мұндай игі бастамаға белсенділік танытып, көшет отырғызу жұмысына ерекше ықыласпен қатысты.
СНХ: ЛӘЙЛА НҮРПЕЙІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.