Балық аулау - талай жанның сүйікті ісі. Бірақ су – қателікті кешіре бермейді. Өкінішке қарай, жыл сайын еліміздің су айдындарында қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Мамандардың айтуынша, басты себеп – қарапайым сақтық шараларына немқұрайлы қарау. Балық аулау кезінде қандай ережелерді сақтау қажет?

Ауа райының болжамы – балықшының басты бағдары. Желдің жылдамдығы күшейсе, шағын қайықпен суға шығуға қатаң тыйым салынады. Тұманды күні және түнде балық аулау да өте қауіпті. Көру мүмкіндігі шектелгенде бағыттан жаңылу немесе су астындағы тастар мен ағаш діңгегіне соғылу қаупі артады.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕГЕН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

Технология дамыған заманда қауіпсіздікті қадағалау да жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде құтқарушылардың қаруы - тек қайық пен дүрбі емес, аспандағы ұшқышсыз ұшу аппараттары. Дрондар су айдынын бірнеше шақырымға дейін еркін барлап, қауіпті аймақтарды қас-қағым сәтте анықтайды. Әсіресе, адам бара алмайтын қалың қамыс арасы немесе алыс аралдардағы балықшыларды бақылауда дронның пайдасы орасан.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕГЕН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

Суға шықпас бұрын алдымен қайықтың техникалық жағдайын, ескек пен қозғалтқыштың дұрыстығын тексеру қажет. Сондай-ақ, адам саны мен жүк салмағы белгіленген нормадан аспауы тиіс. Ең бастысы – құтқару кеудешесін міндетті түрде киіп жүру. Бұдан бөлек, жаныңызда байланыс құралы мен алғашқы көмек қобдишасы болғаны жөн.