Қазақ драматургиясының негізін қалаушылардың бірі, жазушы-драматург, көрнекті өнер қайраткері Шахмет Құсайыновтың туғанына 120 жыл. Осы айтулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Сахна тілінің сардары” атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ақын-жазушылар мен студенттер қатысып, оның шығармашылығын талқылады.

Шахмет Құсайынов - ұлттық драматургияның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан белгілі өнер қайраткері, жазушы. Еңбек жолын облыстық газет-журналдарда әдеби қызметкер болудан бастаған ол, өмір бойы қазақ театры мен әдебиетінің дамуына тер төкті. Қаламгер артына адамгершілік, ізгілік, тарихи және әлеуметтік тақырыптарды арқау еткен 50-ге жуық драмалық туынды қалдырды. Оның «Алдар Көсе», «Шолпан» сияқты пьесалары отандық театр өнерінің алтын қорына енген.

СНХР: ЖАНБАЙ ҚАДЫРОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

Әдеби кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды баяндамалар оқылып, туындыларының идеялық мәні талқыланды. Бүгінде драматургтің әдеби мұрасын зерттеу, оны жас ұрпаққа насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар мен ғылыми ізденістер белсенді жүргізіліп келеді.

СНХР: САБИНА МҰҚАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Аталған іс-шара ашық диалог форматында өтті. Осы арқылы, рухани кеш жиналған қауымға көрнекті драматургтің мол мұрасымен кеңірек танысуға мүмкіндік берді.