15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Ол 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамның отбасы институтына назарын аудару мақсатында бекітілген. Осы орайда отбасылық құндылықтарды берік ұстанған, бүгінде ұрпақтар сабақтастығын жалғап білім мен тәрбиеге ғұмырларын арнаған, қоғамда ерекше құрметке ие өнегелі отбасылардың бірі Мырзахметовтар әулеті. Бұл педагогтар династиясының 75 жылдық тарихы бар. 

Мырзахметовтар әулеттінде ұстаздық жолдың негізі осыдан 75 жыл бұрын қаланған. Отбасылық ағартушылық шежіресі Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Шарғия Жұмағалиевадан бастау алған. Кейін бұл мамандықты 2017 жылғы «Жыл мұғалімі» атанған Айнагүл Мырзахметова жалғады. Бүгінде төртінші буын өкілі Әділ Мырзахметов те өзінің жарымен бірге осы салада 3 жылға жуық еңбек етіп келеді. Ерлі-зайыптылар қазіргі таңда №28 жалпы білім беретін мектепте шәкірт тәрбиелеп келеді. (фотографиями перекрыть зкт)

СНХР: ӘДІЛ МЫРЗАХМЕТОВ, №28 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Мектеп қабырғасында танысып, бас қосқан жас отбасының бір салада қызмет етуі отбасылық түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді. Олар ортақ қызығушылықтарымен қатар, кәсіби мәселелерде де бір-біріне қолдау көрсетіп, қиындықтарды бірлесе еңсеріп келеді. Бүгінде олар 3 жасар Надир есімді ұлды тәрбиелеп отыр.

СНХР: АЙЖАН МЫРЗАХМЕТОВА, №28 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Осылайша, төртінші ұрпақ өкілдері сапалы білім беру арқылы әулет абыройын асқақтатып келеді. Айта кеткен жөн, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының статистикасына сәйкес, биылғы жылдың басынан бері 750 жұп қарым-қатынастарын ресми түрде рәсімдеген. Неке саны бойынша Петропавл қаласы көш бастап тұр.