Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Есіл бассейнінде балық аулауға уақытша тыйым салынды. Шектеу Астана қаласы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында 10 сәуір мен 20 мамыр аралығында, ал ащы суларда артемия цистасын жинауға 1 наурыздан 15 маусымға дейін күшінде болады.
Уылдырық шашу кезеңінде заңсыздықтарды болдырмау үшін Есіл бассейндік инспекциясы құқық қорғау органдарымен және қорықшылармен бірге тұрақты түрде рейдтер өткізіп тұрады. Шектеу кезеңі басталғалы бері ереже бұзғандарға қатысты 39 әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандар заң бұзушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
СНХР: ИЛЬДАР КӘКІМОВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ