Бүгін Оқушылар сарайында Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанатты іс-шараға мектептің бұрынғы директорлары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, түлектер мен арнайы қонақтар қатысты.

Мерекелік іс-шара таңертең Қожаберген жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Кейін мектеп қабырғасында білім ордасының алғашқы директоры, тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Әдия Ысқаққызының құрметіне арнайы кабинет ашылды. Сонымен қатар, мерейтой аясында ұстаздар марапатталып, мектептің жетістіктері паш етілді.

СНХР: АЙНАГҮЛ ЕСҚАЛИЕВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мерейтойға келген ата-аналар да мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, бұл білім ордасы тек сапалы білім ғана емес, саналы тәрбие де береді.

СНХР: ӘЛИЯ СЕҢКІБАЕВА

Кеш барысында оқушылар мектепке деген ыстық ықыластарын жеткізіп, ұстаздарына арнап жылы лебіздерін айтты.

Айта кетейік, №6 орта мектеп 1996 жылы облыста ашылған алғашқы қазақ мектептерінің бірі. Сол уақыттан бері білім ордасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп келеді. Бүгінде мектеп өңірдегі беделді білім ордаларының біріне айналған. 30 жылдық тарихы бар Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп бүгінде талай шәкірттің үлкен өмірге жол ашқан қара шаңырағына айналып отыр.