Бүгінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тек жеке сала емес, ол халықтың өмір сапасы мен нарықтағы сенім деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі болып отыр. Сауданың дамуы, әсіресе онлайн-сатылымдардың көбеюі мен тұтынушылар талаптарының артуына байланысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Егер белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда 5-тен 25 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған, ал қайталанған бұзушылықтар кезінде олардың мөлшері артады. Қоса кеткен жөн, азаматтардың өтініштері жыл сайын артып келеді. Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңір бойынша 172 өтініш түскен. Оның шамамен 22 пайызы қанағаттандырылған. Кейбір өтініштер тиісті құзырлы органдарға жолданса, бірқатар мәселелер қарау барысында-ақ шешімін тапқан. Ең жиі кездесетін өтініштер бөлшек сауда, интернет арқылы сатып алу және байланыс қызметтеріне қатысты.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ - СҚО САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ