Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиында алдымен өңірдің 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалып, алдағы уақытқа жоспар нақтыланды. Сонымен қатар алқалы отырыс барысында өрт қаупі кезеңіне дайындық және жолдарды жөндеу барысы пысықталды.
Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті.Алқалы жиында ең алдымен облыстың 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жіпке тізілді. Атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар құрылды. Облыстық экономика басқармасының басшысы Наталья Дышканттың сөзінше, қаңтар-наурыз айлары аралығында аймақ экономикасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы саласында 42 млрд 100 млн теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 208 млрд 900 млн теңгенің өнімі өндіріліпті.
НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Баяндамашы сөзін аяқтағаннан кейін облыс әкімі жоспарды орындай алмаған аудан әкімдері жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Қазіргі таңда облыста өрт қаупі жоғары кезең жүріп жатыр. Облыстық ТЖД мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қауіпті науқанға ауқымды дайындық жүргізген.
ЖОМАРТ АСҚАРОВ, СҚО ТЖД бастығы:
Солтүстік Қазақстан облысындағы орман қоры 688 мың гектарды құрайды. Бұл - республика бойынша екінші көрсеткіш. Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы аймақта 55 дала және 5 орман өрті тіркелген. Олардың әрқайсысында орманшылар оқиға орнына тез арада жетіп, тілсіз жаудың таралуына жол бермеді.
ЕРЛАН ТӘШІМОВ, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Баяндамашы сөзін аяқтаған соң облыс әкімі жауапты мамандарға бірлесе жұмыс істеп, келеңсіз оқиғалардың алдын алуды тапсырды. СҚО-ның жергілікті жолдар желісінің ұзындығы 6300 шақырымды құрайды. Былтыр оның 10 пайызы жөндеу көрді. Маңызды іске 30 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Биылғы атқарылатын жұмыс жайлы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев айтып берді.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
ауд 058, 1:18 Ағымдағы жылы 300 шақырым жергілікті автомобиль жолдары жөндеу көреді. Маңызды іске 20 млрд теңге қаржы бағытталады. 2025 жылы салынған автомобиль жолдарының сапасын тексеру мақсатында Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп, 160-қа жуық тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Мыңға жуық сынама алынды. Анықталған олқылықтарды мердігерлер бірден жойды.))
Облыста жыл сайын жүздеген шақырым жол жөнделіп жатыр. Жасыратыны жоқ, кейбірі 2-3 жылға жетпей желініп, шұңқырлар пайда болып жатады. Бұған шамадан тыс жүк тиелген көліктер кері әсерін тигізіп жатыр. Оларға арналған айналмалы жол өткелдер болса да көбі төтесінен түскенді жөн көреді. Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы ауқымды жұмыс атқаруда.
НҰРСҰЛТАН ЖАМАШЕВ, СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы:
Жиын барысында күнтізбеге шығарылған барлық мәселе жан-жақты қаралды. Облыс әкімі жауапты мамандарға анықталған кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.