Бүгін Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте білім ордасының 30 жылдық мерейтойына орай қыздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Аталған жарысқа қаланың алты мектебінен келген командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты -оқушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мектепаралық достық қарым-қатынасты нығайту.
Турнирге 7-сыныпқа дейін оқушылар қатысып, өз жас ерекшеліктеріне сай шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін байқатып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
АЙЗЕРЕ МЕЙРАМОВА, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
30 жылдық мерейтойға орай мектеп ұжымы бірқатар мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, танымдық кездесулер өткізу көзделген. Бұл іс-шаралардың барлығы мектептің бай тарихын дәріптеуге бағытталған.
АЙНАГҮЛ ЕСҚАЛИЕВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл мектепте мыңнан астам оқушы білім алып, 92 ұстаз қызмет атқарып келеді. Білім ордасы сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өз дәстүрін қалыптастырып, өңірдегі іргелі оқу орындарының біріне айналған.